«Центр-БВР» ЖШС-гі жарылғыш материалдардың келесі өнімдерінің жеткізілімін ұсынады:
Өнім атауы |
Қысқаша сипаттамасы |
Қолдану аясы |
Жарылғыш заттар |
||
Senatel Magnum
|
Капсюл-сезгіш патрондалған эмульсиялық жарылғыш заттар. Газ бен шаң бойынша қауіпті шахталардан басқа, ашық және жер асты тау-кен жұмыстарында, сулы және құрғақ жағдайларда ұңғымалар мен шпурларды зарядтауға арналған. Барлық климаттық жағдайларда қолданылып, сактала алады. |
Жоғарғы қуатты бризант зат болғандықтан, атыс патрон ретінде де, негізгі заряд ретінде де қолданылады. |
Senatel Powerfrag(Ø 32-90 мм, салмағы 500-ден 2500 граммға дейін) |
Капсюл-сезгіш патрондалған эмульсиялық жарылғыш заттар. Газ бен шаң бойынша қауіпті шахталардан басқа, ашық және жер асты тау-кен жұмыстарында, сулы және құрғақ жағдайларда ұңғымалар мен шпурларды зарядтауға арналған. Қоршаған ортаның температурасы минус 20 град. плюс 40град.дейін |
Жоғарғы қуатты бризант зат болғандықтан, атыс патрон ретінде де, негізгі заряд ретінде де қолданылады. |
Fortel Plus 65(Ø 75-185 мм, патрондар салмағы 3000-нан 20000 грамм ға дейін) |
Патрондалған капсюл-сезбегіш эмульсиялық жарылғыш заттар. Газ бен шаң бойынша қауіпті шахталардан басқа, ашық және жер асты тау-кен жұмыстарында, сулы және құрғақ жағдайларда ұңғымалар мен шпурларды зарядтауға арналған |
Жоғарғы бризантты ЖЖ зат болғандықтан, негізгі заряд ретінде қолданылады. Барлық климаттық жағдайларда қолданылып, сактала алады |
Анфо (30кг-дық қаптарда)
|
Кеуек аммиактік селитра мен сұйық мұнай затының механикалық косындысы. |
Тау-кен өндірісінде және құрылыста, газ бен шаң бойынша қауіпсіз, құрғақ және құрғатылған карьерлер, шахтыларда ұңғымаларды, механикаландырылған не қолмен жасалатын зарядтау жарылыс жұмыстарын жүргізгенде қолданылады.Барлық климаттық аумақтарда, Протодьяконов профессордың шкаласы бойынша қаттылық коэффициенті 6-18 құрайтын жыныстарды жаруға жарамды. |
Қоздыру құралдары: Exel электрлік емес жару құралдары |
||
Exel MS электрлік емес жару құралдары |
Exel MS- ашық және жер асты тау-кен жұмыстарында жарылыс жасаған кезде ұңғымалардағы жарылғыш заттардың зарядтарын қоздыруға арналған. Бәсеңдету 21интервалы 0-ден 500мс дейін. |
Exel MS детонаторларының бәсеңдету сериялары ашық және жер асты тау-кен жұмыстарында , казбалар мен оқпандарды қоса ұңғымалық немесе шпурлық соққылау кезінде қолдануға лайықты. Капсюл-сезгіш патрондалған жарылғыш заттарды қоздыруға арналған. |
Exel LP электрлік емес жару құралдары |
Exel LP- жер асты тау-кен жұмыстарында жарылыс жасаған кезде жарылғыш заттардың зарядтарын қоздыруға арналған. Exel LP жүйесінің бәсеңдету интервалы 25–тен 6000мс дейін. |
Exel LP детонаторларының бәсеңдету сериялары жер асты тау-кен жұмыстарында , тоннел құруда, тау-кен жұмыстарда казбалар мен оқпандарды қоса қолдануға лайықты. |
Exel HTD электрлік емес жару құралдары |
Exel HTD- бәсеңдетудің қажетті деп табылатын уақыты мен жарудың кезектілігін қамтамасыз етеді. Exel HTD бәсеңдету 6 интервалы ( 9-дан 100мс дейін). |
Exel HTD- ашық және жер асты тау-кен жұмыстарында жарылыстарды жасаған кезде үстіңгі жарылғыш желісін орнату үшін қолданылады . |
Exel Handidet электрлік емес жару құралдары
|
Exel Handidet- үстіңгі бәсеңдеткіш пен ішкі детонатор құрамындағы жарылыстың электрлік емес жүйесінің конструкциясы, ашық тау кен жұмыстарындағы ұңғыма зарядтарының атқыш патрондарын қоздыруға арналған. Бұл жүйені қолдану, көбіне-көп экономикалық жағынан, Exel MS+Exel HTD комбинациясын қолданудан тиімді , сонымен қатар, Exel MS+Exel HTD жүйесі -конфигурациясы едәур күрделі болып табылатын блоктарды монтаждау мүмкіндігін туғызады. |
Карьерлерде, және құбырлар өткізгенде,арнайы құрылыс жұмыстарында жарылыс жасағанда қолданылады.Exel Handidet жүйесі оңай жалғанып, бақылауланады, үстіңгі және ұңғымааралық байланыстың дәлдігін қамтамасыз етеді. |
Қоздыру құралдары саласының жаңа технологиялары |
||
I-kon и Uni tronic қоздыру электрондық жүйелері
|
Қуатты басқару I-kon и Uni tronic цифрлық жүйелері - жоспарлы электрондық детонаторлар мен бақылау жабдығынан тұрады. Логгер, желіні монтаждау кезінде ,желіні тестілеу және бәсеңдеудің кезектілігін бағдарламалау үшін қолданылады. Логгер детонаторлардың сәйкестендіру номерлері мен қажетті деп табылатын бәсеңдету уақытын оқып, сақтайды. Бластер ақырғы тестілеуді, жарылысты қоздыруды және бағдарламалауды өткізеді. |
I-kon, Uni tronic қоздыру жүйелері жер асты және жер үсті жарылыстарды дәл, басқарылатын және сенімді түрде жоспарлау үшін шығарылған. ы I-kon, Uni tronic детонаторлар капсюл-сезгіш патрондалған жарылғыш заттарды тікелей қоздыруға арналуы мүмкін. |
Негізгі артықшылықтары: 1.Электрондық қоздыру жүйесі - қоршаған ортаға жарылыстың сейсмикалық әсерін азайтудың бір де бір жолы. 2.Ұңғымалардың бұрғылау торының параметрлерін арттыру мүмкіндігі бұрғылау жұмыстарының шығынын төмендетеді. 3.Электрондық қоздыру жүйесін қолдану тек қана жарылыстың сейсмикалық әсерін азайтып қоймайды, ол карьерлер борттары мен кертпелер еңістерін қатайтады да, тау жыныстарын қолайлы ықшамдап шоғырландырады. 4.Фрагментациялық құрамын жақсарту - электрондық қоздыру жүйелерінің ерекше артықшылығы, оның арқасында тау-кен көліктік жабдықтары, ұсақтау құрылғылары өнімділігі бойынша ең жоғары көрсеткіштерге ие болады, және оларды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындары төмендейді. 5.Жарылыс жұмыстарды, кен жыныстарының геологиялық құрылымын бұзбай жасаудың мүмкіншілігі арқасында пайдалы қазбалар кемітілмей, табиғатқа да аса көп шығын келтірілмейді. 6.Электрондық қоздыру жүйесін қолданудың арқасында - жарылысқа дейін әр детонатор жөнінде мәлімет қабылдау мүмкіншілігі мен арнайы жабдықтың көмегімен жарылысты бақылау, бағыттау және қоздыру мүмкіншілігіне байланысты, қауіпсіздік артады. |
||
Exel DinoStart үшін жарылғыш қондырғы
|
DinoStart - бұл модернизацияланған электрондық жарылғыш құрылғы, Exel детонаторларын қауіпсіз қоздыруға арналған. Бұл құрылғы қуат көзі(батарейка), кернеу конверторы, қуат жинақтаудың конденсаторы, электрод және қоздыру батырмадан (кнопка) тұрады.Электр қуаты күшті импульсқа айналып, электрод оны әрі қарай жарылыс реакциясын қосу үшін толқын ішіне жөнелтеді. |
Exel электрлік емес жарылыс жүйесін қауіпсіз түрде қоздыруға арналған. |
Жоғарыда аталған жарылғыш заттар жөніндегі толығырақ техникалық мәліметтерді осы жерден қараңыз
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген,өзге де қоздыру құралдарды жеткізіп тұруға дайынбыз.